Лицензиялық кілт туралы

Лицензиялық кілт – Лицензиялық келісім шарттарына сәйкес бағдарламаны белсендіріп, пайдалануға мүмкіндік беретін биттер тізбегі. Лицензиялық кілтті "Лаборатория Касперского" мамандары жасайды.

Бағдарламаға лицензиялық кілтті келесі тәсілдердің бірімен қосуға болады: кілт файлын қолдану немесе белсендіру кодын енгізу. Лицензиялық кілт бағдарламаның интерфейсінде, оны бағдарламаға қосқаннан кейінгі бірегей әріптік-цифрлық реттілік түрінде көрсетіледі.

Лицензиялық келісімнің шарттары бұзылған жағдайда, лицензиялық кілтті "Лаборатория Касперского" бұғаттауы мүмкін. Егер лицензиялық кілт бұғатталған болса, бағдарлама жұмыс істеуі үшін басқа лицензиялық кілтті қосу қажет.

Лицензиялық кілт белсенді және қосымша (резервтік) болуы мүмкін.

Белсенді лицензиялық кілт – ағымдағы сәтте бағдарламаның жұмыс істеуі үшін қолданылатын лицензиялық кілт. Белсенді кілт ретінде, сынақ немесе коммерциялық лицензия үшін лицензиялық кілтті қосуға болады. Бағдарламада бірден артық белсенді лицензиялық кілт болуы мүмкін емес.

Қосымша (резервттегі) лицензиялық кілт – бағдарламаны қолдану құқығын растайтын, бірақ ағымдағы сәтте қолданылмайтын лицензиялық кілт. Ағымдағы белсенді лицензиялық кілтпен байланысты лицензияның мерзімі аяқталғалы жатқан кезде қосымша лицензиялық кілт автоматты түрде белсенді болады. Қосымша лицензиялық кілтті тек белсенді лицензиялық кілт болған жағдайда ғана қосуға болады.

Сынақ лицензиясының лицензиялық кілті тек белсенді лицензиялық кілт ретінде қосылуы мүмкін. Сынақ лицензиясының лицензиялық кілтін қосымша лицензиялық кілт ретінде қосу мүмкін емес.

Басына оралу